
AP23490104 «Түркістан облысындағы діни туризм нысандарының ақпараттық әлеуетін зерделеу: 4 тілде мультимедиялық интерактивті атлас әзірлеу» атты гранттық жоба аясында 2024 жылдың 8 қарашасында «Түркістан облысындағы киелі орындардың қазақ халқы рухани-мәдени болмысындағы орны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: Түркістан облысының мәдени-тарихи ескерткіштерін зерттеу және талқылау, Түркістанның рухани-мәдени бағытта дамуына ықпал ету және елдің діни туризмінің әлеуетін зерделеу.