Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған “Ұстазым саған мың алғыс!”мерекелік кеші өтті.
Салтанатты жиында университет ректоры Әлібек Жұмабекұлы барша қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтады.
Аталған шарада еңбегі еленген қызметкерлер Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық марапаттарына ие болды.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға жалғасты.