9мм – МАКАРОВ ТАПАНШАСЫ

 ПМ арналуы, ұрыс қасиеттері, жалпы құрылысы және бөлімдер мен механизмдердің жұмыс қағидасы.

 

9-мм Макаров пистолеті шабуыл және қорғаныс жеке қаруы болып саналады, қарсыласты қысқа арақашықта жоюға арналған.

 Пистолет – өзі оқталатын қару, өйткені оның қайта оқталуы атыс кезінде автоматты түрде жасалады. Пистолеттің автоматикасының жұмысы бекітпенің еркін тебуін пайдалану қағидасына негізделген. Бекітпе оқпанмен тұтастығы жоқ.

Тактика-техникалық сипаттамасы

 

Оқжатармен жабдықталған тапанша салмағы, г.

810

Оқжатармен жабдықталмаған тапанша салмағы,г.

730

Тапанша ұзындығы, мм.

161

Тапанша биіктігі, мм.

126,75

Ұңғы ұзындығы, мм.

93

Оқтың жою қашықтығы, м.

350 дейін

Атыстың тиімді қашықтығы, м.

50 дейін

Оқтың бастапқы ұшу жылдамдығы, м/сек.

315

Жауынгерлік ату жылдамдығы, атыс/мин.

30

Оқжатардың сыйымдылығы, оқ

8

Калибрі, мм

9

Ұңғыдағы кертіктер саны (оң жақ айналады)

4 

 
Тапаншаның негізгі бөліктері
  • Қаңқа ұңғымен және атыс доғасымен.

  • Бекітпе соққышымен, лақтырғышымен және сақтандырғышымен.

  • Қайтармалы серіппе.

  • Соққы-ағытқыш механизмі (ату ілмегі, шаппалы тартпа иінтірек қозғалтқышымен, шептало серіппемен, шүріппе, жауынгерлік серіппе, жауынгерлік серіппенің ысырмасы).

  • Тапанша сабы бұрандасымен.

  • Бекітпе кідірісі. 

  • Оқжатар.

Негізгі бөліктері мен механизмдерінің мақсаттары

Қаңқа – тапаншаның барлық бөліктері мен механизмдерін біріктіру үшін қызмет етеді.

Ұңғы – оқтың ұшуын бағыттау үшін қызмет етеді.

Атыс доғасы – ату ілмегін байқаусыздан басып қалудан сақтайды.

Бекітпе – оқжатардан патронды оқтыққа жеткізу үшін, атыс кезінде ұңғы арнасын жабу үшін, атылған оқсауытты (патронның) лақтыру үшін және шүріппені ұрыс жағдайына қою үшін қызмет етеді.

Лақтырғыш – оқсауытты (патронның) шағылдырғышпен кездескенше ұстау үшін қызмет етеді.

Соққыш – капсюльді жару үшін қызмет етеді.

Сақтандырғыш – тапаншаны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қызмет етеді.

Қайтармалы серіппе – атыстан кейін бекітпені бастапқы алдыңғы қалпына қайтару үшін қызмет етеді.

Сабы – тапаншаны қолда ұстауға қызмет етеді.

Бекітпе кідірісі – оқжатардағы барлық патрондарды пайдаланып болғаннан кейін бекітпені артқы жағдайда ұстау үшін қызмет етеді.

Оқжатар – патрондарды орналастыру және оларды беру үшін қызмет етеді.

Соққы-ағытқыш механизмінің негізгі бөліктері

Шүріппе – соққышқа соққы беру үшін қызмет етеді.

Шептало серріппесімен – шүреппені жауынгерлік және сақтандырғыш жағдайында ұстау үшін қызмет етеді.

Жауынгерлік серіппе – шүріппе мен шаппалы тартпа иінтірек қозғалтқышын іске қосу үшін қызмет етеді.

Жауынгерлік серіппенің ысырмасы – жауынгерлік серіппені тапанша сабының негізіне бекіту үшін қызмет етеді.

Шаппалы тартпа иінтірек қозғалтқышы және ату ілмегі – шүріппені жауынгерлік жағдайдан түсіру үшін және өзі оқталып ату кезінде шүріппені жауынгерлік қозғалтқыштан қайыру және түсіру үшін қызмет етеді

Толық емес бөлшектеуді орындау тәртібі

  • Қаруды қауіпсіз бағытта ұстау.

  • Оқжатарды тапаншаның сабынан шығару.

  • Тапаншаны сақтандырғыштан алу. Бекітпені соңғы артқы қалыпқа апару, бекітпе кідірісіне қою, ұңғы арнасында патронның болмауын қарау.

  • Атыс доғасын төмен түсіре отырып солға қисайтып қою және бекітпені бөліп алу.

  • Қайтармалы серіппені шығару.

  • Атыс доғасын орнына қою.

  • Шүріппенің бастиегін ұстап тұрып, оны қозғалтқыш сақтандырғышына қою.

Толық емес бөлшектеуден кейін жинау

  • Жіңішке ұшымен ұңғыға қайтармалы серіппені кигізу және шүріппені жауынгерлік қозғалтқышқа қою.

  • Бекітпені қаңқаға жалғап, тапаншаны сақтандырғышқа қойып, атыс доғасын өз орнына қою.

  • Оқжатарды тұтқаның негізіне қою (қосылғанша бас бармақпен басу),сақтандырғыштың жалаушасын жоғары көтеріп қою.

Бекітпе

Бекітпе оқ-дәріні қораптан оқтыққа беру, ұңғының арнасы атылыс кезінде жабу, гильзаны ұстап қалу (патронды шығару) және шүріппені ұрыс жағдайына келтіру қызметін атқарады. Бекітпенің сыртында: дәлдеуге қарауыл; қарауылдың кесе-көлденең саңылауы; бекітпенің бетін сәуленің шағылысуын болдырмас үшін, қарауылдың арасындағы кертік бар. Оң жағында: гильзаны (патронды) лақтыруға арналған саңылау; лақтырғышқа арналған саңылау; лақтырғыштың серітпесімен қыспаның ұясы. Сол жағынан сақтандырғышқа арналған ұя және сақтандырғыш бекіткішінің екі ойығы (жоғарғы және төменгі). Жоғарғы ойық – жалаушаның «сақтану» қалыпына; төменгі – жалаушаның «атыс»; жоғарғы ойықтың қасында – қызыл шеңбер, ол жалаушаның «атыс» қалпына қойған кезде ашылып және сақтандырғыш қосылған кезде жалаушамен жабылады.

  Екі жақтан да қолмен артқа жылжытуға қолайлылық үшін бекітпеде кертік бар; бекітпенің артқы жағында – шүріппе өту үшін саңылау.

Қайтару серіппесі атыстан кейін шүріппені соңғы жағдайға келтіру қызметін атқарады. Оқпанға киілген серіппе онымен бірге бекітпе арнасында орналасады.

Қайтармалы серіппе

  Ұңғының сыртқы беті тегіс. Ұңғыға қайтармалы серіппе киіледі. Жиектеме пистолеттің барлық бөлшектерін қосу қызметін атқарады. Жиектеме саптың негізімен бір тұтасты кұрайды. Саптың негізі сапқа, ұрыс серіппесіне бекітуге және қорапты орналастыруға қызмет етеді. Жіберу жапсырмасы пистолет тартпасының құйрығын байқаусызда оған басудан сақтап қалу үшін қажет.

Қайтару серіппесі атыстан кейін шүріппені соңғы жағдайға келтіру қызметін атқарады.

Оқпанға киілген серіппе онымен бірге бекітпе арнасында орналасады.

Соққылы-ағытқыш механизмі шүріппеден, сыбыр қайтарғышпен, тарту тұтқышымен жіберу күшіне және ұрыс серіппесінің жапқышынан, бекітпе кідіріспесі бекітпені артқы қалпында қораптан барлық оқтарды шығындаудан ұстап тұрады.