Халықаралық туризм және меймандостық университетінде ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев облыс тұрғындарымен және туристік бизнес, спорт өкілдерімен кездесу өткізді. Ондағы мақсат еліміздің туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру. Сондай-ақ Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру бағытында жасалып жатқан дүниелерді жеткізу.
Аталған шара сұрақ-жауаптармен қорытындыланды. Онда тұрғындар сұрақтарын жолдап, жауаптар алды.