Халықаралық туризм және меймандостық университетіне Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Басқарма төрағасы – Ректоры Марат Баяндин келді. Іс-сапар аясында, екі университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Университет Басқарма төрағасы – Ректоры Әлібек Шоқпаров екі жақты меморандум нәтижесінде алдағы уақытта біршама істер атқарылатынын атап өтті.
Алдағы уақытта, екі университет білім беру, ғылыми және инновациялық қызмет салаларындағы ынтымақтастық, университеттер арасындағы серіктестік жүйесін дамытуды қамтамасыз ету мақсатында бірнеше бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болады.
Атап айтсақ:
- Білім алушылардың (студенттердің, магистранттардың және PhD докторанттардың) және профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру;
- Екі тарап студенттеріне, магистранттарына және PhD докторанттарына практикадан және ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- Бірлескен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде қос дипломды бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде консультациялық көмек көрсету;
- Өзекті тақырыптар бойынша бірлескен ғылыми-инновациялық зерттеулерді ұйымдастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға жәрдемдесу, университеттер арасындағы байланыстарды дамыту және қолдау;
- Түрлі деңгейдегі бірлескен конференциялар, симпозиумдар, семинарлар ұйымдастыру, жарияланымдармен және басқа да ғылыми материалдармен алмасу, сондай-ақ басқа да өткізілетін ғылыми іс-шаралар туралы бір-бірін хабардар ету;
- Тараптардың өзара келісілген бағдарламалары және өзара қатысуы бойынша университет мамандарының біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
- Келісілген бағдарламалар бойынша зерттеушілердің ғылыми тағылымдамаларын өткізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
- Қызметкерлерге ғылыми зерттеулер мақсатында кітапханаларды пайдалануға мүмкіндік беру.