Құзыреттілік, мансап және жұмысқа орналастыру бөлімі және Қаржы орталығы АҚ өкілі Серікқали Ақзира «Дене шынықтыру және спорт», «Туризм» мен «Қонақжайлық» мектеп түлектеріне ZOOM платформасында жас мамандарға міндетті қызмет көрсету мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде Ақзира Серікқалиқызы қызмет өткерудің заңнамалық негіздерін, қандай жағдайда және қандай мерзімде міндетті қызмет өткеретінін түсіндірді. Оның айтуынша, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығындарды өтеу жұмыс мерзімін анықтау формуласы бойынша нақты жұмыс істеген мерзімге пропорционалды түрде қарастырылған.
Ол сондай-ақ 1414 нөмірінен SMS-хабарламаларға жауап беру қажеттігін атап өтті. Бұл жаңашылдық маңыздылығы түлектерден жұмысқа орналасу туралы ақпарат алу процессін жеңілдетеді.
Өз кезегінде, «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Ақзира Серікқалықызы жас мамандар менеджерлерге тікелей жүгіне алатынын, егер ата-аналарда қандай да бір сұрақтар туындаса, әрқашан жауап беруге дайын екенін атап өтті.