Түркістан қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған сапар аясында журналистер туризм саласындағы жалғыз бейінді университетпен танысты. Жалпы 30 жуық ақпарат өкілдері баспасөз мәслихатына қатысып, Түркістан қаласындағы туризмдік ахуалды талқылады.
Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков Халықаралық туризм және меймандостық университетінің туризмдік бағытқа қосқан үлесі зор екенін атап, алдағы уақытта бірлескен жобалар жалғасын таба беретіндігін жеткізді.
Университет Басқарма төрағасы – Ректор Әлібек Жұмабекұлы Түркістан қаласы әкімдігіне алғыс білдіріп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.