Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Туризм мектебінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдармен және Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, «Жас буын мен этнос жастар арасында құқықтық сауаттылықты насихаттау арқылы арттыру жолдары» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.
Іс-шара құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіру арқылы, өскелең ұрпақ пен этникалық жастарда құқықтық ойлау, заңды және басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу дағдыларын дамыту, сондай-ақ азаматтық белсенділікті және қоғамдық өмірге сындарлы қатысу қабілетін дамытуға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. Қонақ дәрісі барысында Туризм мектебінің қауымдастырылған профессоры Асан Досмаханбет Сейдінбекұлы модератор бола отырып, жастар арасындағы құқықтық сауаттылықтың қазіргі таңдағы маңыздылығын атап көрсету арқылы шараның ашылуын бастап берді.
Дәріс барысында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшы орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы, Түркістан облыстық «Ынтымақ» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Наурызбаева Гүлмира Мұратқызы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы, Жастар ресурстық орталығының, Қоғамдық даму және психологиялық көмек көрсету бөлімінің психолог маманы Өміртаева Жансая Ержанқызы сөз сөйлеп, білімгерлерге қоғамдағы құқық пен міндет, құқықтық сауаттылық сынды ұғымдардың маңыздылығын тілге тиек етті. Дәріс соңында білімгерлер көкейдегі сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерімен бөлісті.