«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ішкі және сыртқы қосалқы оқытушылары мен зейнет жасындағылардан басқа барлық профессор-оқытушы құрамына 2024 жылдың 13 мамырынан бастап 2024-2025 оқу жылына конкурс ұйымдастырылып, еңбек шарты мерзімдерін ұзарту немесе тоқтату шараларына келесідей жұмыстар жүргізілсін:
– 2024 жылдың 12 сәуірінен бастап профессор-оқытушы құрамына және университет сайтына хабарлама жариялансын (жауапты: Әкімшілік бөлімі, Мектеп директорлары).
– Университеттің Ғылыми зерттеу орталығы, Академиялық даму бөлімі және Сапаны қамтамасыз ету бөлімдерінен профессор оқытушы құрамына қатысты сұратылатын мәліметтер Әкімшілік бөлімінің талап еткен мерзіміне дейін уақытылы берілсін (жауапты: бөлім басшылары).
– Конкурс қорытындысы бойынша анықталған мерзімдерге профессор-оқытушылармен еңбек шартына қосымша келісім жасалынсын (жауапты: Әкімшілік бөлімі).