23 ақпанда университеттің 2 курс студенттері арасында «Эрудит» интеллектуалдық сайысы өтеді. Студенттердің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін күшейтіп, дамыту мақсатында ұйымдастырылғалы отырған осы сайысқа қатысуға шақырамыз! Сайысты «Гуманитарлық» мектебі ұйымдастырады.

Қатысушылар жалпы білім беру пәндері (философия, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері) оқу бағдарламалары тақырыптары негізінде құрылған тапсырмаларға жауап беретін болады.

Сайыстың екі кезеңінен (тестілеу мен эссе жазу) өткен жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталады.