Халықаралық туризм және меймандостық университетіне Kemer Holiday Club қонақ үй өкілдері келді. Олар оқу ордамызға табан тіреп, алдымен университет басшылығына арнайы ақпараттық презентация өткізді.
Одан кейін, үшінші курс студенттерін Kemer Holiday Club қонақ үйімен таныстырып, жазғы өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды. Қонақ үй өкілдері бірегей мүмкіндік пен кәсіби мансаптық тәжірибелерін бөлісуге дайын екендерін жеткізді.
Алдағы уақытта, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері Kemer Holiday Club қонақ үйінде өндірістік тәжірибеден өтіп, біліктіліктерін шыңдайтын болады.
IUTH Медиа және PR орталығы