IUTH Басқарма төрағасы-ректор Айдос Сәкенов студенттермен ерекше форматта кездесу өткізді.
Жиын барысында ректор жастармен еркін әңгіме құрып, білім саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шара модераторы кездесуге келген студенттердің ішінен іріктеліп, таңдап алынды.
Еркін форматтағы ректормен кездесу кеші қызықты әрі әсерлі өтті. Барлық қатысушылар өздерін еркін сезініп, әртүрлі сұрақтар қойып, ректормен бірге ойын ойнап, жанды дауыста ән айтты. Ректор өз сөзінде, білім алып, үнемі ізденісте жүретін жастармен бірге екеніне ықыласын танытып, үлкен тәжірибе болатын белсенділікке шақырды.
Кездесу соңында Айдос Сәкенов қатысқан студенттерге өмірлік ұстанымдары үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулер алдағы уақытта дәстүрге айналатынын жеткізді.