2023 жылы 3-8 тамыз аралығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 2023-2024 оқу жылына туризм, қонақжайлылық, дене шынықтыру, гуманитарлық және тіл мектептерінің профессор-оқытушы құрамы, директорлары мен әдіскерлері лауазымдарына орналасуға конкурс өтті.
Конкурс басталар алдында Басқарма төрағасы-ректор Айдос Сәкенов университет басшылығының ұстанымына тоқталды.
IUTH басшысы өз сөзінде: «Халықаралық туризм және меймандостық университетінде профессор-оқытушы құрамы, мектеп директорлары мен әдіскерлері лауазымдарына орналасуға арналған конкурсқа іріктеу жай ғана формальдылық емес, конкурс рәсімі мұқият әзірленген. Конкурстан өту үшін университетіміздің қойған біліктілік талаптарына сай болуыңыз керек. Конкурс барынша ашық, біз оған қатысуға үміткерлерді сырттан шақыруға тырыстық және олардың үлесі артқанын қалаймыз. Егер келген үміткер шынымен мықты болып шықса, жұмысқа қабылданады», – деп атап өтті.
2023 жылдың 8 тамызында конкурстық комиссияның жұмысы аяқталып, қорытындысы шығарылды.
IUTH Баспасөз қызметі