
Халықаралық туризм және меймандостық университетіне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арнайы келді. Министр білім ордасында атқарылған жұмыстармен және алдағы даму жоспармен танысты.
Басқарма Төрағасы-Ректор Айдос Сәкенов министрге жүргізілген жұмыстар бойынша жан-жақты мағлұмат беріп, оқу орнының стратегиялық даму жоспарында айқындалған міндеттерге тоқталды.
Әңгіме барысында, Саясат Нұрбекұлы барлық басымдылық – жастардың өз елімізде сапалы білім алуына бағытталатынын атап өтті. Сондай-ақ, IUTH-тің стратегиялық жоспарлары да орындалу үшін қолынан келгенше ықпал жасайтынын айтты.
IUTH Баспасөз қызметі