Бізде «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы қонақта

Бүгін, 30 қыркүйекте Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Туризм индустриясындағы білікті мамандармен кездесу өтті.

Жиынға ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы Гүлмира Ахбердиева, Kazakh Tourism басқарма төрағасы Талғат Аманбаев және университет ректоры Айдос Сакенов пен оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер қатысты.

Аталмыш жиынның университет үшін ең жағымды тұсы – алдағы уақытта туризм бағытында білім алып жатқан ЖОО студенттерін жұмысқа тарту жоспары талқыланды. Осы тұста, Халықаралық туризм және меймандостық университеті еліміздегі туризм бағыты бойынша жалғыз және бірегей оқу орны екенін айтып өткеніміз жөн.

Ал Kazakh Tourism басқарма төрағасы Талғат Аманбаев туризмдегі цифрландыру жүйесіне нақты тоқталып, жұмыс барысымен таныстырды. Университет ректоры Айдос Сәкенов алдағы уақытта студенттердің білімін одан әрі шыңдай түсуі үшін осындай шараларды көптеп ұйымдастыратынын атап өтті.

  • Біздің студенттер туризм саласындағы жаңашылдықтарды бірінші болып біліп жүруі үшін мұндай кездесулер алдағы уақытта көбірек болады. Әрине, қазіргі таңда туризм бағытты бойынша әлі де талай жұмыстар атқарылуы қажет. Алайда Түркістанның бүгінде ең үлкен сұраныста тұрғанын ескеріп, шетелдік туристерге қаншалықты қызықты болатынын қазірдің өзінде саралай бергеніміз дұрыс. Осы тұрғыда университет студенттері Kazakh Tourism ұлттық компаниясымен тығыз жұмыс істеп, білімдерін одан әрі дамыта түсуі керек – дейді, Айдос Сәкенов.

Жиын қорытындысы бойынша, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері Kazakh Tourism ұлттық компаниясында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.