TURKESTAN SCHOOL CUP II

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің қолдауымен Түркістан қаласының Жастар ресурстық орталығының және Пікірсайыс Одағының ұйымдастыруымен “TURKESTAN school CUP II” атты пікірсайыс турнирі өтті. Байрақты бәсекеде топ жарғандарға Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 10 атаулы білім гранты табыс етілді. Универистет ректорының м.а. – Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, алғы сөз сөйледі. Нәтижесінде:

🔻Аймақтық пікір-сайыс турниріне 64 оқушыдан, 32 фракция қатысты.

🔻 Ең үздік спикер және атаулы грант иегері-Нұртас Өтегенұлы.

🔻Ең үздік төреші және атаулы грант иегері- Аружан Бақытжан

🔻Үздік төреші және атаулы грант иегері- Адалбеков Мейірлан

🔻Үздік пост және атаулы грант иегері- Біржан Қалжан

🔻 Жүлделі 1 орын және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің атаулы  грант иегерлері- Абутали Айдын, Құрманәлі Рахымжан атанды.

Барлық марапат иелерін Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Оқу және ғылыми істер жөніндегі проректоры Адилова Күлтай Ағытайқызы мен Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Алайдаров Ақ-Әділ Әбушахмаұлы, сондай-ақ Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Перизат Алтенова сонымен қатар  қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, арнайы марапаттауларын табыстады!

БАРЛЫҚ МАРАПАТ ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!