Туризм кеш өркендеген сала болғанымен, оның қазіргі даму аяқ алысы өте қарқынды. Туризм дамыса, қызмет ету саласының даму өрісі кеңейеді. Қатынас саласының кірісі артып, қонақүйлердің, көңіл көтеру орындарының, дәмхана, мейрамханалардың, сауда-саттық орындарының саудасы арта түседі. Сондықтан туризмді дамытуда тиімді детальдарды ұтымды пайдаланудың пайдасы көп. Осы мақсатта Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында алқалы жиын өтті. Маңғыстау облысының Түркістан облысындағы күндері шеңберінде ішкі туризмді дамыту мақсатында «Маңғыстаудан мың сәлем, Түркі төрі!» дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Маңғыстау және Түркістан облыстарының мемлекеттік органдар мен туризм саласындағы бизнес қоғамдастықтың өкілдері, университет мұғалімдері, туризм индустриясы және қонақжайлық саласындағы өзге де өкілдер шақырылады.
Туризм индустриясы саласында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері сынды өзекті мәслелер дөңгелек үстел барысында талқыланып, оның шешілу жолындағы нақты ұсыныстар ортаға салынды.