«Халықтар достығы – бірліктің берекелі бесігі» – студенттік фестиваль

«Халықтар достығы – бірліктің берекелі бесігі» – студенттік фестиваль
Достық деген алты қанатты ақ үйдің бір-бір уығы, қозғалмас қазығы болған ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мерекесіне орай «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» ауқымды студенттік фестиваль өткізді. «Халықтар достығы – бірліктің берекелі бесігі» шарасына – Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов, Түркістан қаласының әкімі – Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков мырзалар қатысып, үздік студенттерді марапаттады. Ынтымақ пен бірлікті ту еткен маңызды мерекеде алты қанатты ақ үйлер тігіп, түркі әлемінің тұран даласын мекен еткен ұлттар мен ұлыс өкілдерінің гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды. Қол өнер, қыл қалам шеберлерінің жәрмеңкесі жасалды. Бұған қоса, талантты шәкірттеріміздің қатысуымен ауқымды гала-концерт өтті. Іс шарамыздың мақсаты: жастарды еліміздің халықтар достығы тарихымен таныстыру, ұлтаралық ынтымақтастық пен келісімнің өзектілігін ұғындырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Біздің ел ұлттар мен ұлыстар көкке көтеріп тұратын шаңырақ сынды. Кереге мен уықтың байланысы бекем болмаса шаңырақтың шайқалары сөзсіз. Ол – байланыс бірлігіміз. Дәл осы ұғымды көрсеткен, студенттерге маңызды күннің маңызын ұқтырған мереке болды.