Бекзат Саттархановтай чемпионды түлеп ұшырған Түркістан топырағы шаршы алаңда тұсау салдырмайтын ержүректер батырлардың тағы талайын тәрбиелеуде. Соның бірі – Мадияр Қыдырәлі. Халықаралық туризм және меймандостық университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығында 2-курста оқиды. Арманы – Олимп шыңын бағындыру. Осы жолда күн мен түн, тәтті етіне ащы таяқ тисе де қаймықпай шаршы алаңда еңбек етіп, біраз белесті бағындырып үлгерді. Таяуда ғана, халықаралық турнирде топ жарды.
Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылына арналған сондай-ақ, даңқты боксшы КСРО-ға Еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған ересектер арасында бокстан XXVIII халықаралық турнирде 57 келі салмақ дәрежесінде оза шауып, чемпиондық тұғырда нық тұрды.
Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен және Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің былғары қолғап шеберлері қатысқан болатын. Байрақты бәсекеде оза шапқан дара чемпионды және Мадиярдай студентті тәрбиелеп, жол бастаушысы болған аға оқытушы Руслан Джабаевты ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!