СҮЙІНШІ! Шәкіртіміз халықаралық ғылыми конференция аясындағы додада топ жарды!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңаша ойлайтын жас буынның үздіктерін анықтау үшін 2022 жылдың 4-7 сәуір  аралығында дәстүрлі «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында республикалық байқау жариялағанды. Байқаудың басты міндеттері – заманауи көзқарастағы жастарды танып, Отан тарихының өзекті мәселелерін әлемдік өркениет деңгейінде зерделеу, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді және өркениетімізді дәріптеу. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, Алматы қалалық «Жас Отан, Жас қанаты» және т.ғ.д., профессор Х.Хабиев атындағы Қоғамдық қор қолдауымен өткен сайысқа Халықаралық туризм және меймандостық университеті, туризм және спорт факультетінің 2 курс, ХІТ 20-01 тобының  студенті Дінмұхамед Тірібосыновта аттанған болатын. Студентіміз қанжығасы майланып, олжалы оралды. Нақтырақ айтсақ, жүлделі ІІІ орын иеленіп, 200 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы, топ эдвайзері Ниязов Нұрдәулет Әбілдәұлы жетекшілік етіп бірге барып қайтты.

Кіл мықтыларды шаң қаптырып, үздіктер қатарыннан көрінген Дінмұхаметті де, жас дарынның шамшырағын жағып, бәйгеге қосқан нағыз ұстаз -Нұрдәулет Ниязовты шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!