12 – СӘУІР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

Ғылым – бұл мемлекеттің экономикалық өркендеуінің ажырамас бөлігі. Ел болашағының жарқын кепілі болатын ұлттық ресурс. Қазақстанның ғылыми әлеуеті қашанда жоғары екенін, біз шын мәнінде ғылым саласында біртұтас мектептің негізін салған, өзінің ғылыми арнасында айтулы жетістіктерге қол жеткізген ғалымдарымызбен мақтанатынымызды баса айту  керек. Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Елбасы жарлығымен 2012 жылдан бері ғылым саласы қызметкерлерінің күні – әрбір 12-ші сәуір күні аталып өтіледі. Біздің Халықаралық туризм және меймандостық университетінің атаулы күнге дайындығы қарқынды. Мәселен, «Искусственный интеллект и Big Data: новые вызовы и возможности» тақырыбында семинар, жас ғалымдар мен студенттер арасында «Образование и наука: современный взгляд» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтпек. Бұдан бөлек, «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан спорты: дамуы және жетістіктері» атауымен дөңгелек үстел ұйымдастырамыз. Тағы бір семинар: «Мақала – ғылыми жұмыстың жанры ретінде: оны дайындаудың, жазудың және рәсімдеудің принциптері мен ерекшеліктері» тақырыбында болады деп көзделуде.