2021 жылдың қараша айының 4 жұлдызында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «DO LOT» студенттердің ғылыми клубының салтанатты түрде ашылуы және «Қоғам мен экономиканың туризмге тигізер зияны және олардан арылу жолдары» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өткізілді.
Салтанатты жиынға Туризм және спорт факультетінің деканы Д.С. Асан, Жастар саясаты және қабылдау науқаны бөлімінің бас маманы А.С. Низамутдинова, Студенттік парламенттің президенті И. Мынбаев, кафедра оқытушылары және студенттер қатысты. «DO LOT» студенттердің ғылыми клубының жетекшісі Тірібосынов Дінмұхаммед. Клубтың мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру, олардың университетте өткізілетін ғылыми ісшараларға қатысу деңгейін арттыру, әрбір студент үшін оның қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес шығармашылық даму мүмкіндігін қамтамасыз ету.
«DO LOT» студенттердің ғылыми клубының ашылу салтанатында құттықтау сөздер айтылып, дөңгелек үстелмен жалғасын тапты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты экономикалық факторлардың туризмге әсері, ең бастысы туризм және экономика дамуының бағыттары арасында өзара тығыз байланыстарды кеңейту және туризмнің дамуы.
Дөңгелек үстел аясында сөз сөйлеген баяндамашылар қоғам мен экономиканың туризмге тигізер зияны және олардан арылу жолдары туралы қызықты ақпараттармен және зерттеулермен бөлісті. Презентацияларды көріп, баяндамаларды тыңдағаннан кейін баяндамашыларға бірнеше сұрақтар қойылды. Студенттер мен оқытушылар арасында белсенді пікірталас болды. Жиын соңында баяндамалардың жоғары деңгейде дайындалғаны атап өтілді. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан студенттерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
«DO LOT» студенттік ғылыми клубтың жұмысы жемісті болуын тілейміз.