«IUTH білім беру бағдарламалары» тақырыбында өтілетін тікелей эфир

«IUTH білім беру бағдарламалары» тақырыбында өтілетін тікелей эфир

Сәлем талапкер!

07/04/21 ж. сағат 11:00 біздің парақшамыздың тікелей эфирінде сұрақ-жауап өтеді.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті сіздерге шуақты, Орта Азияның інжу-маржаны және түркі өркениетінің бесігі – Түркістаннан қаласынан сәлемдеме жолдайды. Біздің университет сіздерге келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды ұсынады:

В091-Туризм:
«6В11101 – Туризм және қонақжайлылық индустриясын
ұйымдастыру».
«6В11102 – Халықаралық және ішкі туризм»
«6В11103 – Экскурсиялық қыметтер мен жеке турларды ұйымдастыру»
«6В11105 – Туристік дестинациялар менеджменті»

В093-Мейрамхана ісі және мейрамхана бизнесі:
«6В11104 – Қонақ үй және мейрамхана бизнесі»

В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау:
«6В01401- Дене шынықтыру және спорт».

Біз Франция, Австрия, Түркия, Малайзия, Ресей және Гонконг мемлекеттерінің университеттерінде қос дипломды бағдарлама бойынша білім алудың бірегей мүмкіндігін ұсынамыз.
оқу корпусы, жатақхана, спорт кешені, IT-Laboratory, қонақ үй нөмерлері, Премиум санатты мейрамхана, шоурум, кафе, фитнес орталығы, StudentParliament
және StudentHub.
Біздің тіл орталығымызда сіздер ағылшын, француз, қытай,
араб, түрік тілдерін үйрене аласыздар.
Бізге келіңіз, сіздің алдыңыздан бүкіл әлемнің көкжиектері
ашылады. Сіз әлемнің барлық құрлықтарында қазақстандық туризмді таныстыратын боласыз.
Бүгінде Түркістан қаласы – Түркістан облысының әкімшілік орталығы. Бұл таңғажайып, тез дамып келе жатқан, заманауи қала ұлы ата-бабалардың ғасырлық тарихын сақтай отырып, біздің көз алдымызда жаңару үстінде.

IUTH – заманауи студенттер қауымдастығының ордасы