ЖҒК қызметі туралы

2025

22.09.2025ж. Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Н.Пошанов кеңес мүшелерімен онлайн форматта Zoom платформасында жиналыс өткізіп, төраға орынбасары мен хатшыны бекітті. Сонымен қатар, 2025-2026 оқу жылына арналған Жас ғалымдар кеңесі бірлесе өткізетін іс-шара жоспарын талқылап, бекітуге ұсынды.

29.09.2025ж.   Жас ғалымдар кеңесінің 2025-2026 оқу жылынаарналған іс-шара жоспарына сәйкес, Туризм мектебінің PhD, қауымдастырылған профессор м.а. А.Губаренко «Ғылыми мақаланы жазу және жариялау: Магистрант, студенттерге арналған практикалық нұсқаулық» тақырыбында 2025 жылдың 29 қыркүйек күні семинар өткізді.

2024

2024 жылғы, наурыз айының 5 жұлдызында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 1 курс студенттеріне арналған «Ғылыми мақаланы жазу құрылымы мен ережесі» тақырыбында онлайн форматта Zoom платформасында ғылыми семинар өткізілді. Семинар спикері ретінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Туризм» кафедрасының аға оқытушысы Шарапаева Бота Жанабекқызы студенттермен ғылыми мақала жазудағы маңызды ережелермен және мақаланы жазу құрылымымен бөлісті. Сондай-ақ, студенттер мақала жазу, мақалаларды ғылыми журналдарға жариялау ережелері және т.б. маңызды тақырыптар бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, тың ақпараттармен танысты.

2023

20.12.2023 ж. жас ғалымдар кеңесі мен туризм мектебі университеттің ПОҚ үшін “ғылымды коммерцияландыру жобаларын дайындау. Туризм саласында сауалнама жасау және оны SPSS бағдарламасында талдау әдістері”. Спикерлер: PhD Нахипбекова С.А., PhD Абишов Н. О.