Сіздерді IUTH магистратурасына шақырамыз – табыс пен мансаптық өсуге қадам!

Ережені жүктеу (қазақша) (орысша)

Біздің заманауи магистратура бағдарламаларымен жаңа білім мен мүмкіндіктер көкжиегін ашыңыз. Алдыңғы қатарлы сарапшылар мен тәжірибелі мамандардан білім ала отырып, сіз терең теориялық білім ғана емес, сонымен қатар өз саласында көшбасшы болуға көмектесетін бірегей практикалық тәжірибе де жинайсыз.

«7М111 Қызмет көрсету саласы» кадрлар даярлау бағыты бойынша ашылған білім беру бағдарламалары:

  • «7М11101 – Туризм менеджменті» (ғылыми-педагогикалық бағыт, 2 жыл)
  • «7М11102 – Туризм менеджменті» (бейіндік бағыт, 1 жыл)
  • «7М11105 – Туризм менеджменті» (бейіндік бағыт, 1,5 жыл)

Ғылыми-педагогикалық магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша кемінде 7️5️ балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 2️5️ балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша (Туризмология негіздері) – кемінде 7️ балл, екінші бейінді пән бойынша (Экскурсиятану) – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Бейінді магистратурада тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша кемінде 3️0️ балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша (Туризмология негіздері) – кемінде 7️ балл, екінші бейінді пән бойынша (Экскурсиятану) – кемінде 7️ балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар IUTH қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.

Өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде Ұлттық Тестілеу Орталығының сайтында https://app.testcenter.kz/auth  орындалады:

  • күнтізбелік жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.

Кешенді тестілеу келесі мерзімде:

  • күнтізбелік жылдың 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

  • күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.

Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.

Мекен-жайымыз:

161200, Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім  көшесі №14А.

Қабылдау комиссиясы https://talapker.iuth.edu.kz/

Байланыс:

WhatsApp: +7 (707) 317-43-56, +7 (708) 478-42-14, + 7 (708) 225-83-27

Оқуға түсудің өзекті сұрақтары бойынша  https://wa.me/message/MVN34VP7I33ZL1

Университет жайлы толық ақпарат алу үшін  https://instagram.com/iuth_official?igshid=YmMyMTA2M2Y

Амбициялы кәсіпқойлар қауымдастығына қосылыңыз, жаңа шыңдарды бағындыруға дайын болыңыз! Сіздің болашағыңыз IUTH магистратурасынан басталады.

Табысқа бүгіннен бастап қол жеткізіңіз!