Қазақстан, Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі 14 "А"
Шоқпаров Әлібек Жұмабекұлы
«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы – Ректор
Өмірбаяны
Туған күні: 23.10.1980 ж
Білімі
1998-2003 ж.ж.«Тарих және география мұғалімі» мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады.
2019-2021 ж.ж.International Public Policy and Management мамандығы бойынша University of Southern California (US) университеті
Еңбек өтілі:
2001-2012 жылдар аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, маманнан факультет деканына дейін еңбек жолынан өтті.
2012 – 2021 жылдары мемлекеттік қызметте болды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде әртүрлі басшылық қызметтер атқарды
2021-2023 жылдары Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің Басқарма мүшесі – ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры
2023 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде министрдің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары
2024 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ-ның Басқарма төрағасы – Ректоры
Марапаттар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғысы (2005 ж.)
Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісі (2010 ж.)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалі (2016 ж.)
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін төсбелгісі (2017 ж.)