Білімі:
- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетi, 1996 ж.
- 1997-2001жж. «Құқықтану» мамандығы бойынша аспирантураның күндiзгi бөлiмi
Ғылыми дәрежесi:
- Заң ғылымдарының кандидаты
Еңбек еткен жұмыс орындары:
- 1996-2009 ж.ж. Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті “Қылмыстық құқық, процесс және криминология” кафедрасының аға оқытушысы;
- 2009-2013 ж.ж. – “Қылмыстық құқық, процесс және криминология” кафедрасының меңгерушісі;
- 2014-2016 ж.ж. – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы;
- 2016-2024 – Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті “Құқықтану” кафедрасының аға оқытушысы.
- 2024 ж. қыркүйегінен Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Туризм» мектебінде аға оқытушылық қызметін атқаруда.
Ғылыми еңбектер саны:
- Зерттеу жұмыстары бойынша 60 астам ғылыми еңбектер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған журналдарда, сондай-ақ, Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференция материалдарында жарияланған. 1 монография, 3 оқу құралы және оннан астам оқу-әдістемелік еңбектер жарық көрген.
Алған алғыс хаттары:
Ахмет Ясауи университетінің дамуына қосқан елеулі үлес үшін 20-ға жуық алғыс хаттар. 2016 жылы ЮНЕСКО-ның 2016 жылды “Ясауи жылы” деп тануына байланысты университет Сенатының шешімімен “Ясауи жылы” медалі және Ахмет Ясауи университетінің 30 жылдығына орай медаль.