Нұсқабаев Оразбек

orazbek.nusqabayev@iuth.edu.kz

Нұсқабаев Оразбек

Профессор, с.ғ.д.

Ғылыми белестері

  • 1989 жылы 09.00.01-Философия мамандығы бойынша «Мировоззрение молодежи: специфика и факторы его формирования» атты тақырыпта диссертация қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атанды.
  • 1991 жылы «Философия» мамандығы бойынша доцент атағын иеленді.
  • 1995 жылы 22.00.04-әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және өмір салты мамандығы бойынша «Мектеп жас ұрпақты әлеуметтендіру институты» атты тақырыпта диссертация қорғап, 1996 жылы социология ғылымдары докторы ғылыми дәрежесін иеленді.
  • 1997 жылы «Социология» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағына ие болды.
  • 1997-2002 жылдар аралығында Түркістан қаласында тұңғыш рет ашылып, Философия және Социология мамандықтары бойынша кандидаттық диссертациялар қорғауға рұқсат етілген К 14.37.02. мамандандырылған Кеңес төрағасы болды.
  • 2012 жылдан Қазақстан Республикасы әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі (академигі) . Куәлік № 51. 2012ж., сәуір.

Жарияланымдар:

  1. Социология. Оқулық (екінші басылымы)-Түркістан:А.Ясауи университетінің

«Тұран» баспасы, 2008.-174б.

  1. Жалал ад-Дин Румидің өмірі мен шығармашылығы. Монография.-

Түркістан:А.Ясауи университетінің «Тұран» баспасы, 2010.-153б.

  1. Азаматтық позиция мен Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру (Философиялық

толғау). Монография. – Тұркістан: А.Ясауи университетінің «Тұран» баспасы, 2012.-243б.

  1. Жаһандану жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік қағидаттары (мақала). //Ақиқат.

Ұлттық қоғамдық – саяси журнал.-2013.-№5.-99-101беттер.

  1. Роль семьи в социолизации молодого поколения //Саясат – Policy- 2015.-

№6.стр.25-31.(Информационно-аналитический журнал «Саясат-Policy имеет импакт-фактор за 2011-2016 годы составляющий 0,007»).

  1. Маңғытай, маңғыт, ноғай тарихы (этносоциологиялық талдау). Монография. –

Алматы: Қазақстан, 2015-256б.       

Марапаттары:

  • «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалы (ОҚ облысы әкімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №1-3180 өкімімен).
  • «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі (БжҒ министрлігінің 24 сәуір 2014 жылғы жарлығымен).
  • Оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен (ҚР БжҒ министрлігінің 23 желтоқсан 2009 жылғы жарлығымен).
  • «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен (ҚР БжҒ министрлігінің 9 маусым 2003 жылғы жарлығымен).