Мырзалиев Бораш
Смаилұлы

borash.myrzaliyev@iuth.edu.kz

Мырзалиев Бораш Смаилұлы

Э.ғ.д., профессор

Жоғары білім:

  • 1969-1974 жж. Самарқанд ауыл шаруашылығы институты, зоотехник-экономист
  • 1974 Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, аға лаборант
  • 1974-1975 жж. Совет Армиясы қатарындағы қызмет
  • 1975-1976 жж. Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері
  • 1976-1979 жж. Қазақ агроөнеркәсібі кешені экономика ғылыми-зерттеу институты, күндізгі бөлім аспиранты
  • 1979-1985 жж. Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, экономика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
  • 1985-1989 жж. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Амангелді атындағы совхоздың бас экономисі
  • 1989-1992 жж. Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты экономика бөлімінің аға, жетекші ғылыми қызметкері
  • 1992-1994 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы Әкімінің бірінші орынбасары
  • 1994-2024 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, аға оқытушы, доцент, оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, «Экономика» факультетінің деканы, «Менеджмент және маркетинг», «Қаржы және бухгалтерлік есеп», «Экономика» кафедраларының меңгерушісі
  • 2024 жылы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті «Қонақжайлылық» мектебінің профессоры

Біліктілікті арттыру:

  • 1993 ж. ҚР Президенті жанындағы біліктілікті арттыру институты (Алматы)
  •  2004 ж. Нархоз университетінің Біліктілікті арттыру институты
  • 2006 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Біліктілікті арттыру институты
  • 2016 ж. Бельгия (Брюссель, Левен университеті), Нидерланды (Роттердам, Эрасмус университеті), Германия (Аахен, Аахен университеті)
  • 2023 ж. Самарқанд экономика және сервис институты

Ғылыми еңбектері:

1975-2024 жылдары ішінде 540-тан аса ғылыми еңбектер жариялаған, оның ішінде 95 кітаптың авторы (27 монография,  9 – оқулық, 59 – оқу және оқу-әдістемелік құрал). Сонымен қатар 437 – ғылыми мақалалар (оның ішінде шет елдерде – 48 мақала және 14 – ағылшын тілінде impact factor (IF) журналдарында) жарияланған.

Оқытатын пәндері: «Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Туризм және қонақжайлылықтағы бизнес-жоспарлау», «Туризм және қонақжайлылық индустриясындағы логистика».