Білім беру саласында оқыту-тәрбиелеу үрдісін, ғылыми-педагогикалық қызметін, библиографиялық-ақпаратпен және әдебиеттермен қамтамасыз ету;
Оқырмандардың кітапханалық-библиографиялық және мағлұмат алу бойынша сұраныстарын қанаттандыру.
КІТАПХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Университеттің білім алушыларының, профессор-оқытушылар құрамының және қызметкерлерінің ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес ақпараттық көмек көрсету, оқырмандардың білім беру және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыру, болашақ ұрпақ үшін ғылыми және мәдени мұраны насихаттау;
Университет бейініне және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік және басқа тілдерде дәстүрлі және заманауи ақпарат тасымалдағыштарда құжаттар қорын қалыптастыру және сақтау;
Білім алушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, заманауи технологиялар негізінде кітапты, кітапхананы пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
Кітапхана қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында кітапханалық маркетинг енгізу;
Кітапханатану және библиография саласында заманауи жұмыс түрлерін енгізу;
Құрылымдық бөлімдермен, мектептермен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен қызметті үйлестіру.