Қазақстан Республикасының Ұлттық баскетбол федерациясы тарапынан Түркістан қаласында U-12, U-14, U-16, U-18 ұлдар мен қыздар командалары арасында 3х3 баскетболдан Республикалық қысқы кубогы өтті. Жарысқа университетіміздің командасы жалпы командалық есепте ІІІ-орынға ие болды. Команда жаттықтырушысы Орынбасар Парасат
Шымкент қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында «Волейболдан ашық турнир-2024» сайыс өтті. Аталған жарыста университетіміздің командасы жалпы командалық есепте I орын иеленді және жүлделі 70.000 теңге сияпат табысталды. Команда жаттықтырушысы Божбанбаев Марат