ССК жетістіктері

Category

Республикалық кубокта спортшыларымыз жүлделі орын иеленді

Қазақстан Республикасының Ұлттық баскетбол федерациясы тарапынан Түркістан қаласында U-12, U-14, U-16, U-18 ұлдар мен қыздар командалары арасында 3х3 баскетболдан Республикалық қысқы кубогы өтті. Жарысқа университетіміздің командасы жалпы командалық есепте ІІІ-орынға ие болды. Команда жаттықтырушысы Орынбасар Парасат  

Волейболдан өткен ашық турнирде спортшыларымыз I орын иеленді

Шымкент қаласындағы  Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда  2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында  «Волейболдан ашық турнир-2024» сайыс өтті.  Аталған жарыста университетіміздің командасы жалпы командалық есепте I орын иеленді және жүлделі 70.000 теңге сияпат табысталды. Команда жаттықтырушысы Божбанбаев Марат

Студенттеріміз волейбол спорт түрінен жеңіспен оралды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан-86» Тәуелсіздік таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында волейболдан ашық жарыс өткізілді. Аталған сайысқа біздің университетімізден 9 спортшы студентіміз қатысты. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша «IUTH-Шымкент университеті» «IUTH-Ташенов университеті» арасында өткен жарыста Халықаралық туризм және меймандостық университеті 2:0 ұпаймен жеңіс төрінен көрінді.  Жетекші...