«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Академиялық саясаты білім алушыларға, оқытушыларға, Университеттің құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Академиялық саясаттың мақсаты оқытудың кредиттік технологиясына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі ұғымдарын, тәртібін, сондай-ақ Университетте білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарын айқындау болып табылады.
Академиялық саясаттың негізгі міндеттері:
- сапалы білім беру қызметтерін көрсету, процестердің нәтижелілігі (білім беру, ғылыми-зерттеу), білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету;
- студентке бағдарланған оқыту үшін оқытудың инновациялық әдістері арқылы туризм, қонақжайлылық және тынығу саласына жоғары білікті шетелдік және отандық мамандарды тарту;
- туризм, қонақжайлылық және тынығу саласына халықаралық жетекші университеттермен қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
- қонақжайлылық индустриясы үшін әртүрлі туристік құралдары мен жабдықтары бар жоғары технологиялық оқу зертханаларын құру;
- іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру үшін жағдай жасау;
- Университеттің халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту;
- үйлесімді дамуға ықпал ету және студент жастардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасау.