Қабылдау комиссиясы 2023 жыл

Қабылдау ережелері 2023-2024 (қазақша) (орысша)

  1. Қолданылу саласы

1.1 Халықаралық туризм және меймандостық университетіне оқуға қабылдау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығының 24 тармағының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы қаулысы және Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес дайындалған.

1.2 Халықаралық туризм және меймандостық университетіне (бұдан әрі – Университет) қабылдау мемлекеттік білім тапсырысы және жоғары оқуға білім гранттарын бөлу арқылы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінен бөлінген республикалық бюджет, сондай-ақ білім алушының жеке қаражатынан төлем жасау және басқа да көздер арқылы жүзеге асырылады.

1.3 Университеттің осы ережесі бакалавриат білім бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыруы кезінде міндетті түрде сақталуы тиіс.

1.4 Осы Ережелер студенттерді қабылдау сапасын бағалауға негіз болып табылады.

1.5 Университет Ережелері Халықаралық туризм және меймандостық университетінің құжаттары құрамына кіреді.

 

  1. Нормативтік сілтемелер

2.1 Осы Ережелерде келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалады:

– Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы;

– «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысы;

– «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы;

– «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы;

– «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығы;

– «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының туыстық топтарының сәйкестігінің әдістемелік ұсынымдарын анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №134 бұйрығы;

– «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ Жарғысы.

  1. Атауы, анықтау және қысқарту

3.1 Университеттің осы ережесінде келесі қысқартулар қолданылған:

ҰБТ – Ұлттық бірыңғай тестілеу;

ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

ҚР МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі;

«ХТжМУ» КЕАҚ – «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғам;

ҚР – Қазақстан Республикасы;

ЖЖОКБҰ – Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары;

Университет «Халықаралық туризм және меймандостық университеті».

  1. Жауапкершілік

4.1 Университеттің осы ережесі «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» Ғылыми Кеңесінде отырысында талқыланады және бекітіледі.

4.2 Қабылдау комиссиясы университеттің көрсетілген талаптарын орындауға жауапты.

4.3 Осы Ереженің орындалуын бақылау Академиялық және ғылыми істер жөніндегі вице-ректорге жүктеледі.

 

  1. Жалпы ережелер

5.1 «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ қабылдау тәртібі

5.1.1 Университетке оқуға қабылдауды «ХТжМУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор басқаратын, қабылдау комиссиясының құрамы жүзеге асырады.

Қабылдау комиссиясының құрамына Басқарма Төрағасы – Ректор, вице-ректорлар,  құрылымдық бөлімшелер басшылары және Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының сандық құрамы тақ сандық құрамнан тұрады. Қабылдау комиссиясының Төрағасы – Басқарма Төрағасы – Университет Ректоры. «ХТжМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы –Ректорының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиясының Жауапты хатшысы тағайындалады.

5.1.2 «ХТжМУ» КеАҚ жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады.

5.1.3 Республикалық бюджеттің есебінен ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінен бөлінетін білім гранттарының конкурсына қатысуға және (немесе) ақылы оқуға орта, техникалық және кәсіптік немесе ортадан кейінгі білімі бар, ҰБТ өткен және оның нәтижесі бойынша тұлғалар жіберіледі:

  • В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 75 балдан кем емес;
  • В091-Туризм білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 50 балдан кем емес;
  • В092-Тынығу білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 50 балдан кем емес;
  • В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 50 балдан кем емес.

Мұнда ҰБТ әр пәнінен және (немесе) шығармашылық емтиханнан 5 балдан кем болмауы тиіс.

5.1.4 «ХТжМУ» КЕАҚ-на түсетін тұлғаларды қабылдау «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификат баллдарына және (немесе) үміткердің бірегей деректері бар электрондық сертификатына сәйкес олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін ресми түрде растайтын құжаттар (бұдан әрі – ҰБТ сертификаты).

5.1.5 ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білім берудің мемлекеттік білім беру грантының иегерлері университетке Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 ««Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қаулысы негізінде, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен,  «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ ішкі тәртіп ережелері мен осы Ереженің талаптарына сәйкес қабылданады.

5.2 Шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі

5.2.1 В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау және В092-Тынығу білім беру бағдарламасының топтары бойынша оқуға қабылдау шығармашылық емтихандардың нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

5.2.2 Шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу үшін «ХТжМУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор немесе оның міндетін атқарушы тұлға емтихан өткізу кезеңінде емтихан комиссиясын құрады.

5.2.3 Комиссия құрамына «ХТжМУ» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамы, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатарынан өкілдері кіреді.

Комиссия тақ саннан тұрады және Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссия Төрағасы сайланады. Комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

5.2.4 Шығармашылық емтихандарды өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының» 1-қосымшасына сәйкес шығармашылық емтихандар өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламалары топтары бойынша жүзеге асырылады.

5.2.5 В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау және В092-Тынығу білім беру бағдарламасының топтары бойынша шығармашылық емтихандар тапсыру үшін, қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды өткізу қажет:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа);

2) көлемі 3 x 4 сантиметр 2 фотосурет;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) ҰБТ сертификаты (ол болған жағдайда).

5.2.6 Шығармашылық емтихан тапсыру үшін оқуға түсушілерден өтініштерді қабылдау Университетте күнтізбелік жылдың 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

5.2.7 Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылдың 8-15 шілдесі аралығында өткізіледі.

5.2.8 В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау және В092-Тынығу білім беру бағдарламасының топтары бойынша оқуға түсетін жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін тұлғалар Университетте  екі шығармашылық емтихан тапсырады.

5.2.9 В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау және В092-Тынығу білім беру бағдарламасының топтары бойынша оқуға түсетін, орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, шығармашылық дайындықты талап ететін тұлғалар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) бойынша баллдар ескеріледі.

5.2.10 В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау және В092-Тынығу білім беру бағдарламасының топтары бойынша шығармашылық емтиханды өткізу формасы мен бағдарламасын университет әзірлейді және университеттің қабылдау комиссиясының Төрағасы бекітеді.

5.2.11 Шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу түрі, өткізілетін күні, уақыты және орны, кеңес беру) қабылдау комиссиясының Төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі және университеттің ресми сайтында жарияланады.

5.2.12 Оқуға түсушіні аудиторияға (ғимаратқа) шығармашылық емтихандарды өткізуге жіберу жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

5.2.13 Шығармашылық емтихандар басталғанға дейін түсушілерге шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтихандардың басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялау уақыты мен орны және апелляцияға өтініш беру рәсімі көрсетіледі.

5.2.14 Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттары бар талапкерлер үшін шығармашылық емтихандар 45 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

5.2.15 Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары Бағалау тізімдемесімен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және нәтижелерді жариялау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және Комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

5.2.16 Шығармашылық емтихандардың нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.

5.2.17 Шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтихан тапсыру орнына қарамастан ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін бағалар ведомосынан көшірме беріледі.

5.2.18 Емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихан тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында «ХТжМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы –Ректоры немесе оның міндетін атқарушы тұлға бұйрығымен Төрағасымен қоса алғанда, мүшелердің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

5.2.19 Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия Төрағасының атына арнайы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адамның өзі береді, арнайы немесе шығармашылық емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.

5.2.20 Апелляциялық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім Комиссияның қатысып отырған мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және Комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

5.2.21 «ХТжМУ» КеАҚ шығармашылық емтихан аяқталған күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру және (немесе) ақылы оқуға университетке қабылдау конкурсына қатысу үшін түсушілердің шығармашылық емтихан нәтижелерін береді.

 

5.3 Білім беру грантын беру рәсімдері мен негіздері

5.3.1 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бөлген республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсты Комиссия өткізеді. Комиссия құрамы «ХТжМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы –Ректорының бұйрығымен бекітіледі.

5.3.2 Комиссия «ХТжМУ» КеАҚ қызметкерлері, туризм саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатарынан тақ санда қалыптастырылады. «ХТжМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы –Ректоры комиссия Төрағасы болып табылады. «ХТжМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы –Ректоры комиссия Төрағасы болып табылады.

5.3.3 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бөлген республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі комиссияның отырысы күнтізбелік жылдың 20 тамызында өткізіледі.

5.3.4 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бөлген республикалық бюджет қаражаты есебінен «бакалавр» дәрежесі берілетін жоғары білімді төлеу үшін білім беру гранттары Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаттарының баллдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.

5.3.5 Жоғары білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі), екі бейіндік пән бойынша баллдар ескеріледі.

5.3.6 Жоғары білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші қабылдау комиссиясына тапсырады:

1) белгіленген үлгідегі бланкідегі өтініш;

2) білімі туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырған кезде түпнұсқасы);

3) ҰБТ сертификаты (қабылдау комиссиясына құжаттарды берген кезде);

4) 075 нысаны бойынша Медициналық анықтама;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Өтінішінде жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін түсуші өзі таңдаған Университет жоғары білімнің білім беру бағдарламасын көрсетеді.

5.3.7 Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 19 тамыз аралығында қабылданады.

5.3.8 ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бөлген республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін ҰБТ-дан өткен орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар және оның нәтижелері бойынша жинаған тұлғалар жіберіледі:

  • В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 75 балдан кем емес;
  • В091-Туризм білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 50 балдан кем емес;
  • В092-Тынығу білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 50 балдан кем емес;
  • В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 50 балдан кем емес.

5.3.9 Мұнда ҰБТ әр пәнінен және (немесе) шығармашылық емтиханнан 5 балдан кем болмауы тиіс.

5.3.10 Білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау кезінде баллдар тең болған жағдайда келесі кезекте басым құқыққа ие болады:

1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;

2) отансүйгіштік пен белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталған тұлғалар;

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;

4) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда ағымдағы оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздары;

5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.

Бұл ретте, балл көрсеткіштері бірдей болған жағдайда жоғары білім берудің білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орташа баллдары бар тұлғаларға беріледі.

Баллдардың көрсеткіштері бірдей, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа баллдары бірдей болған жағдайда бейіндік пән бойынша алған баллдары ескеріледі. Қайта кешенді тестілеуге қатысушылар конкурсқа қатыса алмайды. Жоғары білімнің білім беру грантын беру бойынша басым құқық болмаған кезде, баллдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта баллдары бар тұлғаларға беріледі.

Баллдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болған кезде бейіндік пәндер бойынша алған баллдары ескеріледі.

Егер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» №264 қаулысында «ХТжМУ» КеАҚ оқуға қабылдау ережесінен өзгеше ережелер белгiленген болса, жоғарыда көрсетілген қаулының ережелерi қолданылады.

5.3.11 ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтарына, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектерге, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар болған жағдайда, кемінде үш жыл толық емес мәртебесі бар отбасылар қатарындағы балаларға, бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.

Комиссия игерілмеген квоталарды келесі кезектілік тәртібімен бөлу құқығын өзіне қалдырады:

1) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтарын;

2) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;

3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;

4) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар үшін;

5) кемінде үш жыл толық емес мәртебесі бар отбасылар қатарындағы балаларға;

6) бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға;

7) жалпы конкурс.

5.3.12 I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған азаматтарға басым құқық берілгенін растайтын құжаттар мен квота қосымша беріледі.

5.3.13 Конкурстық комиссия осы Ереженің ережелеріне сәйкес білім беру грантын беруге ұсынылған құжаттар негізінде өз жұмысын жүргізеді және Студенттер қатарына қабылдау туралы ұсыныс шығарады.

5.3.14 Комиссия ҚР жоғары оқу орындарына түсушілер үшін талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлердің құжаттарын қарамау құқығын өзіне қалдырады. Бұдан басқа, кейбір құжаттардың түпнұсқалығын нақтылау қажет болған жағдайда, комиссия тиісті ұйымға сұрау салуды жібере алады.

5.3.15 Комиссия шешімінің негізінде «ХТжМУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректордың грантқа қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.

  1. Студенттерді қабылдау тәртібі

6.1 «ХТжМУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрығымен, студенттерді қабылдау, университеттің қабылдау комиссиясымен күнтізбелік жылдың 21-25 тамыз аралығында жүргізіледі.

6.2 Университетке қабылдау үшін талапкерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

1) ректордың атына нысан бойынша өтініш;

2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі);

4) көлемі 3 x 4 сантиметр 6 фотосурет;

5) 075 нысаны бойынша Медициналық анықтама;

6) ҰБТ сертификаты.

6.3 Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы құжаттар пакетін қабылдауды, оларды тіркеуді және талапкерге өтініш түскен күні құжаттар пакетін қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

6.4 Талапкер қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын ұсынады.

6.5 Құжаттарды қабылдағаннан кейін, «ХТжМУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректордың талапкерді университет студент қатарына қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.

6.6 5.1.3-тармақта белгіленген шекті балл жинаған тұлғалар ҰБТ нәтижелері бойынша «ХТжМУ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – ректорының атына ақылы негізде университтерге қабылдау туралы өтініш береді.

6.7 Орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, 5.1.3-тармақта белгіленген шекті балл жинамаған тұлғалар (ҰБТ нәтижелері бойынша) университетке ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша қабылданады.

Университетте оқудың академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін осы тұлғалар ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларына сәйкес белгіленген мерзімде бір жыл ішінде қайта тапсырады.

6.8 Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім беру грантын тағайындау конкурсынан өтіп грант жеңіп алған тұлғалар университетке қабылдау туралы өтініш береді және «ХТжМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы–Ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

6.9 Мемлекеттік грант негізінде түсетін ҚР азаматтары ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеу туралы шарт жасасады.

6.10 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ҚР азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады.

Университетке «орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігі бар техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғаларды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы оқуға түсушілерді қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

6.11 Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған тұлғалар білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарына конкурстық негізде қатысуға құқылы.

6.12 Жоғары білімі бар тұлғаларды ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша университетке қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

6.13 Университетке қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен тіл бөлімдері бойынша бөлек жүргізіледі.

6.14 Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер қабылдау комиссиясына таңдаған бағдарламасы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны ұсынады.

6.15 Ақылы негізде оқуға түсушілер қатарынан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар оқу ақысын төлеуден босатылады.

6.16 Жалпы орта білімі бар, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды ақылы негізде «ХТжМУ» КеАҚ-ға оқуға қабылдау Университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде жүзеге асырылады. ҚР Қорғаныс министрлігі мен «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ арасында азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімі негізінде Университет белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген және ҚР Қорғаныс министрлігі Университетте оқуға ұсынған азаматтарға бүкіл оқу мерзіміне 100 (жүз) пайыздық жеңілдік береді.

  1. Шетел азаматтарын оқуға қабылдау

7.1 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығының 7-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға қабылдау университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Әңгімелесуді ұйымдастыру және өткізу үшін «ХТжМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы–Ректорының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен емтихан өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.

7.2 Шетел тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар тұлғаларды оқуға қабылдағаннан кейін 1 (бірінші) академиялық кезең ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

  1. Әңгімелесу өткізу ережесі

8.1 Шетел азаматтары мен тұлғаларды ақылы негізде қабылдау «ZOOM» платформасында әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

8.2 Әңгімелесу талапкердің кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгеру қабілетін анықтау мақсатында өткізіледі.

8.3 Әңгімелесу өткізу үшін факультеттің емтихан комиссияларының мүшелері тартылады. Емтихан комиссиясының құрамын қабылдау комиссиясының Төрағасы бекітеді.

8.4 Әңгімелесу барысы мен нәтижелері хаттамамен ресімделеді (1-қосымша)

8.5 Әңгімелесу нәтижелері 100 балдық жүйе бойынша бағаланады. Өту баллы – 50 және одан жоғары. Әңгімелесуді бағалау әңгімелесудің ведомосына қойылады және емтихан алушылардың қолымен расталады.

8.6 Әңгімелесу ведомосі университетке түсушінің жеке ісінде сақталады. Түспеген талапкермен әңгімелесу хаттамасын сақтау мерзімі бір жылды құрайды, одан кейін жойылуға жатады.

8.7 Әңгімелесу нәтижелері емтихан аяқталғаннан кейін жарияланады.

8.8 Әңгімелесу өткізу кестесін қабылдау комиссиясы құрады және қабылдау комиссиясының Төрағасы бекітеді.

8.9 Әңгімелесу кезінде бейіндік бағыттағы әртүрлі сұрақтар пайдаланылуы мүмкін.

8.10 Әңгімелесу аяқталғаннан кейін әңгімелесу хаттамасы мен ведомость қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына тапсырылады.

  1. Қорытынды ереже

9.1 Университеттің осы Ережені талқылау және келісуі «ХТжМУ» КЕАҚ Ғылыми Кеңесінде жүзеге асырылады.

9.2 Құжаттың аудитіне жауапты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі.

9.3 Ережені сақтауға жауапты Кадр және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі.