Шетелдік талапкерлерге

ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:

  1. БІЛІМ БЕРУ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.

Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін::

қазақ диаспорасының өкілі болу;

ҰБТ-ға міндетті түрде қатысу.

ҰБТ келесі пәндер бойынша өткізіледі:

  1. Қазақстан тарихы;
  2. математикалық сауаттылық;
  3. оқу сауаттылығы (оқу тілі);
  4. География.
  5. Шет тілі.

Тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 65 балл жинау қажет.

Бұл ретте Қазақстан тарихы және ҰБТ және (немесе) шығармашылық емтиханның екі бейінді пәні бойынша кемінде 5 балл, ал оқу сауаттылығы және математикалық сауаттылық пәндерінен кемінде 3 балл жинау қажет.

 2. АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш;
  2. Білім туралы құжаттардың түпнұсқасы (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы);
  3. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
  4. 086У нысанындағы медициналық анықтама;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (2 дана).

Құжаттарды тапсыру мерзімі:

  • 15 мамырдан 4 шілдеге дейін – ҰБТ тапсыруға қатысу үшін;
  • 20 маусымнан 20 тамызға дейін университетке қабылдау үшін өтініштер қабылданады.

Түркістан қаласындағы “Халықаралық туризм және меймандостық университетіне” шетелдік азаматтарды қабылдау тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін  сілтеме бойынша өтуіңізді немесе төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеуіңізді сұраймыз.