ҰБТ-ны тапсыруға ЕКІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелу басталады

ҰБТ-ны тапсыруға ЕКІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелу басталады

Бүгін (1 мамыр) сағат 17:00-де ҰБТ-ны тапсыруға ЕКІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелу басталады.
ТІРКЕЛУ ҮШІН app.testcenter.kz сайтына кіріп ➡️Сіздің жеке кабинетіңізде ➡️ ҰБТ өткізілетін күн мен орынды таңдаңыз.

МАҢЫЗДЫ:

Екінші мүмкіндіктің күнін біріншіден бұрын таңдауға рұқсат етіледі (мысалы, бірінші мүмкіндік-10 маусым, екінші мүмкіндік-30 мамыр).

Бейіндік пәндердің басқа комбинациясын таңдауға рұқсат етіледі (мысалы, бірінші мүмкіндікке -Дүниежүзі тарихы/Адам және қоғам, екінші мүмкіндікке-химия/биология)

Тіркелгеннен кейін ҰБТ-ны тапсыру КҮНІН және ОРНЫН өзгертуге БОЛМАЙДЫ.

Егер Сіз бірінші мүмкіндікке әлі тіркелмеген болсаңыз, Сіздің мүмкіндігіңіз жойылмайды, ҰБТ тапсыру үшін екі күнді таңдай аласыз.

P. S. Балалар, ҰБТ аяқталғанға дейін Жеке кабинетіңіздің логині мен паролін сақтаңыз.