

2026 жылғы 20 қарашада Халықаралық туризм және меймандостық университетінде шетелдік білім алушыларға арналған көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ақпараттық кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің өкілі қатысты. Іс-шара барысында шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына кіру және ел аумағында болу тәртібі, оқу визасын рәсімдеу, тіркеу талаптары, ықтиярхат алу және көші-қон заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, құжаттарды уақытылы рәсімдеудің маңыздылығы мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Кездесу «Сұрақ-Жауап» форматында өтіп, білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға көші-қон қызметінің өкілінен тікелей жауап алды.


