

2026 жылғы 20 қарашада Халықаралық туризм және меймандостық университетінің конкурстық комиссиясы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының І (университетішілік) кезеңінің нәтижелерін қарады.
Конкурсқа университеттің бес оқытушысы қатысты. Комиссия үміткерлердің сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша сараптамалық бағалау нәтижелерін қарап, І кезеңнің қорытындысын университеттің ресми сайтында жариялау туралы шешім қабылдады.
Үміткерлердің жинаған ұпайлары қоса берілген комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіде көрсетілген.
