

Түркістан қаласындағы Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт: мәдениетін дамыту жолдары» тақырыбында республикалық екі күндік семинар өтті. • Семинарға мемлекеттік органдардың, мәдениет саласының өкілдері, кітапхана мамандары, ақын-жазушылар, журналистер мен баспагерлер қатысты.
Аталған семинарға Халықаралық туризм және меймандостық университетінің өкілі Мөлдір Нарзуллақызы қатысып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман қызығушылығын арттыру, кітапханалардың қоғамдағы рөлін нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытындағы маңызды мәселелермен танысты.
Семинар барысында кітап оқуды кеңінен насихаттау, үздік тәжірибелермен бөлісу, заманауи кітапханалардың қызметін дамыту және оқырман мәдениетін жаңа деңгейге көтеру мәселелері талқыланды.
Осындай мазмұнды кездесулер кәсіби тәжірибе алмасуға, тың идеялармен бөлісуге және елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға тың серпін береді.
Кітап оқитын ұлт – рухы биік, санасы сергек, болашағы жарқын ұлт!

