Халықаралық тәжірибе – кәсіби дамудың маңызды қадамы!

Университетімізде Түркия Республикасындағы Kemer Holiday Club қонақүйінде өндірістік практикадан өткен студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – білім алушылардің халықаралық тәжірибе барысында жинақтаған кәсіби дағдыларымен бөлісу, өндірістік практиканың нәтижелерін талқылау және халықаралық ынтымақтастық аясындағы мүмкіндіктерді кеңінен насихаттау.

         Іс-шара барысында білім алушылар Түркиядағы өндірістік практикадан алған әсерлерімен бөлісіп, қонақүй саласындағы жұмыс үдерісі, қызмет көрсету ерекшеліктері, шетелдік ортаға бейімделу және кәсіби дағдыларды дамыту бағытында өз тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибенің олардың болашақ мансаптық дамуына қосқан үлесі туралы айтып өтті.

         Сондай-ақ, университет оқытушылары халықаралық іссапарларының қорытындыларын таныстырып, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу, білім беру үдерісін жетілдіру және халықаралық академиялық байланыстарды нығайту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Мұндай іс-шаралар білім алушылардің халықаралық академиялық және кәсіби мүмкіндіктер туралы ақпараттануына, шетелдік тәжірибенің маңызын түсінуіне және болашақ маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

         Университетіміз халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қолдауға және білім алушыларға халықаралық кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді.