

2026 жылдың қараша айының 1 жұлдызында Иордания, Амман қаласында жастар арасында күрес түрінен Asian Junior Cup халықаралық жарысы өтті. Аталған байрақты бәсекеде университетіміздің Дене шынықтыру және спорт мектебінің ССФ 26-09 білім алушысы Тұрғанбек Бексұлтан жоғары нәтиже көрсетіп, 66 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды!
Бұл жетістік – спортшымыздың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ бапкерлерінің кәсіби дайындығының жемісі.
Жеңісті жолың жалғаса берсін!

