Тілдік клубтар

Тілдік клубтар – білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытудың тиімді алаңы

Тіл мектебінің директоры, PhD, қауымдастырылған профессор Мейрбеков Ақылбек Қайратбекұлының тікелей қадағалауы мен қолдауының арқасында бізде ағылшын, орыс, түрік және қытай тілдері бойынша тілдік клубтардың жұмысы жыл бойы тұрақты ұйымдастырылып, әр триместр сайын сәтті жалғасып келеді.

Тілдік клубтарының сабақтары негізінен 1–2 курс студенттеріне, әсіресе Университетке жаңадан түскен бірінші курс студенттеріне бағытталған.

Клубтардың басты міндеті — қысқа мерзімде білім алушылардың тілдік қабілеттерін дамыту, сөздік қорын кеңейту, тілдік кедергілерді еңсеру және шет тілдерінде еркін сөйлесу үшін қолайлы жағдай жасау. Тілдік клубтарының жұмысы Тіл мектебінің миссиясы мен негізгі мақсатына сәйкес жүзеге асырылады.

Мектептің негізгі мақсаты — білім алушылардың қоғамдық және кәсіби қызметте ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау үшін қазақ, ағылшын, орыс, түрік және қытай тілдерін белсенді меңгеруіне ықпал ететін білім беру процесінің тиімді жағдайларын қалыптастыру және ұйымдастыру. Осы мақсатқа сәйкес, клубтардың сабақтарына сөйлесу жаттығулары, пікір алмасу, ситуациялық тапсырмалар, танымдық ойындар, сондай-ақ әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған тақырыптар кіреді.

Тілдік клубтар көптілді құзыреттілікті қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтуге, сенімділікті арттыруға және халықаралық ортада еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Тіл мектебі білім алушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына қолдау көрсете отырып, алдағы уақытта да сөйлесу клубтарының жұмысын жүйелі түрде жалғастыра береді.

Тілдік клубтардың сабақтары мен түрлі іс-шаралары туралы толығырақ мәліметті Тіл мектебінің Instagram желісіндегі @iuth.language.school ресми парақшасынан көре аласыздар.