

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің басшылығы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасын қолдайды.
Аталған жоба – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, жастардың рухани дүниесін байытуға, білімге деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама.
Университет басшылығы білім алушылар мен оқытушылар арасында кітап оқуды насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және кітапхананың мәдени-ағартушылық қызметін жандандыру арқылы жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетеді.
Кітап оқу – білім мен парасаттың, рухани дамудың негізі. Кітап оқитын ұлт – рухы биік, санасы сергек, болашағы жарқын ұлт!
