

2026 жылғы 6 қазанда Халықаралық туризм және меймандостық университетіне Бас консул Левент Гюрджан бастаған Қазақстанның Түркістан қаласындағы Түрік Республикасы Бас консулдығының делегациясы келді. Оның жетекшілігімен консулдық мәдени және дипломатиялық байланыстарды белсенді дамытып, сондай-ақ жергілікті білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты нығайтуда
Делегацияны Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Бекежан Қожабекұлы Мырзаев қарсы алды.
Кездесу барысында тараптар университеттің қызметімен және басшылығымен танысып, өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылады, сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары жөнінде пікір алмасты.


