

Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетіндегі Ғылым апталығы аясында гранттық өтінім дайындау және тапсыру барысында кездесетін практикалық қиындықтарға арналған OPEN TALK өтті.
Кездесу барысында өтінімнің негізгі бөлімдеріндегі жиі қателер талқыланды: мәселені дәл қою, мақсат-міндеттерді нақтылау, әдіснама логикасы, жұмыс жоспары, бюджеттеу және құжаттарды дұрыс рәсімдеу. Сонымен қатар өтінімнің сапасын арттыру жолдары қарастырылды: нәтижелердің өлшенімділігі, өзектілікті дәлелдеу, команда мүмкіндіктерін көрсету және грант беруші талаптарына сай құрылымды сақтау.
Сондай-ақ іс-шарада ұсынылған құжат жан-жақты талқыланды.
Барлық қатысушыларға белсенділік пен пайдалы пікірталас үшін рақмет!


