

2026 жылғы 30 наурыз бен 2 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде (ХДУ) волейболдан Студенттік спорт лигасының аймақтық кезеңі өтті. Жарыс нәтижесінде Университетіміздің ерлер командасы жүлделі II орынға ие болды.
Лигаға қатысқан 14 жоғары оқу орнының ішінен біздің құрама үздіктер қатарынан көрініп, Астана қаласында өтетін финалдық ойындарға жолдама алды. Астананың асқақ рухы мен бүкіл Университетіміздің қолдауы сіздерге жаңа белестерді бағындыруға күш-жігер беретініне сенеміз.
Тек қана алға! Жеңіске деген ерік-жігерлеріңіз чемпиондық атаққа барар жолда басты артықшылықтарыңызға айналсын.



