Балуан Нұрдаулет Жарырғапов қазақ күресінен Ел Чемпионатында женімпаз атанды!

2026 жылғы 26 наурызда Түркістан қаласында ересектер арасында қазақ күресінен өткен Қазақстан Республикасының Кубогында Университетіміздің 2-курс білім алушы Нұрдаулет Жарылғапов өз салмақ дәрежесінде жоғары шеберлік пен қажымас қайрат көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді. Бұл – табанды еңбектің, төзімділік пен жеңіске деген ұмтылыстың жарқын нәтижесі.

Нұрдаулет Жарылғаповты осынау айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Оған жаңа белестерді бағындырып, биік белестерден көріне беруін тілейміз. Спорттық жолындағы әрбір қадамы сәтті болып, жеңістері еліміз бен Университетіміздің мерейін асыра берсін!