Университет кітапханасында жаңа кітаптар көрмесі өтті.

Университет кітапханасында жаңадан келіп түскен оқулықтарға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – білім алушылар мен оқытушыларды  оқу әдебиеттерімен таныстыру.

Көрмеге мамандықтар бойынша және шет тілдері бағыттары бойынша жаңа оқулықтар қойылды. Әсіресе туризм саласындағы халықаралық тәжірибеге негізделген әдебиеттер оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Көрме тек кітаптармен танысу алаңы ғана емес, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас орнына айналды. Білім алушылар емтихандарға дайындалу және дипломдық жұмыстарды жазу үшін қажетті оқу құралдарын өздері таңдап алуға мүмкіндік алды.

Интерактивті формат аға кітапханашы М.Н. Алдашүкіроваға егжей-тегжейлі библиографиялық шолу жасауға мүмкіндік берді. Келушілер жаңа оқулықтардың негізгі бөлімдері мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алып, оқу және зерттеу процесінде әдебиеттерді қалай тиімді пайдалану керектігін, сондай-ақ Университеттің электронды каталогынан қажетті басылымдарды қалай тез табуға болатынын білді.

«Кітапхана қорын жаңарту — білім беру сапасын қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Біз білім алушыларымыздың ең өзекті білімге қол жеткізуіне ұмтыламыз», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Көрмеге қойылған барлық кітаптарды абонемент бөлімінен алуға болады. Іс-шараға келіп үлгермегендердің барлығын кітапхананың жұмыс уақытында жаңа басылымдармен танысуға шақырамыз!