

Университеттің қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамы «Ғылыми этика, академиялық адалдық, қазіргі білім берудегі инновациялар мен жасанды интеллект» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтті. Курс барысында тәжірибелі спикерлер ғылыми зерттеулердегі этика мен академиялық адалдықтың өзекті мәселелерін қарастырып, қазіргі білім беру үдерісіндегі инновациялар мен жасанды интеллекттің рөліне тоқталды. Сонымен қатар тыңдаушыларға практикалық тапсырмалар беріліп, тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 72 сағаттық курсты 131 тыңдаушы сәтті аяқтап, сертификатқа ие болды.



