

Басқарма төрағасы-Ректор м.а Б.К.Мырзаев қонақтарды күтіп алып, екі тарап арасындағы ынтымақтастық пен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды пысықтады.
Rixos Water World Aktau қонақ үйінің өкілдері білім алушыларға тағлымдамадан өту жолдары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы құнды ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, арнайы сала мамандары студенттер арасынан іріктеу жүргізіп, алдағы уақытта әр білім алушының икемділігіне қарай жұмыс ұсынатын болады.
Мұндай ынтымақтастық студенттерге халықаралық желіде мансап бастауға тамаша мүмкіндік береді. Rixos-та жұмыс істеу сервистің жоғары стандарттарын меңгеріп қана қоймай, өңірдегі ең ірі курорттық қонақүйлердің бірінде тәжірибе жинақтауға жол ашады.
Өкілдер бейінді білімнен бөлек, коммуникабельділікке, шет тілдерін білуге және қонақжайлылық индустриясында дамуға деген шынайы құлшынысқа баса назар аударатынын атап өтті. Көптеген түлектер үшін бұл қысқа мерзімде тағылымдамашыдан орта буын менеджеріне дейін көтерілуге мүмкіндік беретін «әлеуметтік лифт» болмақ.





